23-24 қыркүйекте "Фурманов орта мектебі" КММ медицина қызметкері А.Т. Байжігітова 5 және 6 сыныптарда "Жасөспірімдердің күн тәртібі және жеке гигиенасы" тақырыбында әңгімелесу өткізді. 7-11 сынып топтарына осы тақырыпта презентация жіберілді. Пандемия жағдайында бұл мәселе өте маңызды.
Электр жарақаттарының алдын алу мақсатында "Фурманов орта мектебі" КММ-де оқушылар мен ата-аналар арасында "Электр тоғының соғу қаупі"тақырыбында нұсқаулықтар өткізілді. Бастауыш сыныптарда өрт қауіпсіздігі бойынша бейнеролик көрсетілді, ал орта және жоғары буын осы тақырып бойынша презентацияны тамашалады. Оқушылар мен ата-аналар тыңдалған нұсқаулық туралы қол қойды. Біз балаларымыздың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауымыз керек!
«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы
Қайта оралу Солтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Облыстың білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.
https://www.instagram.com/p/CR6A178p4rq/?utm_medium=share_sheet
Біздің мектепте оқыту үдерісіндегі барлық қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде.
«Жемқорлық ,тоқта!Стоп,коррупция!»стенді ресімделді,онда жемқорлық фактілері туралы хабарлауға керекті телефон нөмірлері жазылды, мектептің жемқорлыққа қарсы жоспары, «Адал ұрпақ» клубының мүшелері ,оларға 9,10,11- сыныптардың белсенді оқушылары енгізілді және жемқорлыққа қарсы тәрбие бойынша жұмыс тобы құрамы кірді.
Өз мақсатында мемлекеттің мүддесіне және қоғамның игілігіне жеке мақсаты үшін зиян келтіріп , пайда алу үшін мәртебесін,жағдайын пайдаланып мемлекеттік органдарға зиян келтіру тек барлығы бірігуінің нәтижесінде жойылады.
2021 жылғы 27 сәуірде Республикалық экологиялық апталық аясында біздің мектепте 1-5 – сыныптар оқушылары арасында «Біздің үй жануарларымыз» көрмесі өтті.
Биология мұғалімі Топишев Ербол Жумабаевич 8- сыныпта «Қазақстан Республикасының табиғатын қорғауға алу » викторинасын өткізді және 1-7- сыныптар үшін «Біздің өлкенің мекендеушілері» бейнеролигін дайындады.
Бiздiң мектепте 2021 жылы 26 сәуірде "Бiз болашақ үшiн жауаптымыз" атты экологиялық бiлiм апталығы бастауын алды.
Апта экологиялық мәдениетті, aдамгершiлiктi және экологиялық жауапкершiлiктi қалыптастыру мақсатында өткiзiлдi.
2021 жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «30 кітап» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Барлық ел болып оқимыз» витруалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
а. Байтерек , 16
+7 (71531) 2-76-88
+7 (777) 925-83-72
furmanovskaya_sh2020@mail.kz
1 САБАҚ | 9:00 - 9:45 | Үзіліс – 10 минут |
2 САБАҚ | 9:55 - 10:40 | Үзіліс – 15 минут |
3 САБАҚ | 10:55 - 11:40 | Үзіліс – 10 минут |
4 САБАҚ | 11:50 - 12:35 | Үзіліс – 15 минут |
5 САБАҚ | 12:50 - 13:35 | Үзіліс – 5 минут |
6 САБАҚ | 13:40 - 14:25 | Үзіліс – 5 минут |
7 САБАҚ | 14:30 - 15:15 | Үзіліс – 5 минут |
8 САБАҚ | 15:20 - 16:05 |