Халықаралық балалар күніне арналған "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Цокало Людмила Николаевна "Еркін сөз" мектеп дебат клубында "Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселесін талқылау"тақырыбында пікірталас өткізді.
Халықаралық балалар күніне арналған "Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында әлеуметтік педагог Баум Ирина Анатольевна ата-аналар үшін "Ата-ананың баланы тәрбиелеудегі құқықтық жауапкершілігі-оның оқуда және өмірде жетістігінің кепілі" ақпараттық стендін дайындады .
2021-2022 оқу жылының күзгі демалысы кезінде оқушыларға бекітілген жоспар бойынша ақпараттық, танымдық және ойын-сауық сипатындағы түрлі іс-шаралар ұсынылды.
1 қараша күні Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай сынып топтарына мектеп кітапханашысы О. В. Выходцеваның "Алтынсарин Планетасы" атты бейнеролик жолданды.
2021 жылдың 3 қарашасында мектептің медицина қызметкері А.Т. Байжігітова тұмаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.
2021 жылдың 4 қарашасында бекітілген демалыс жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы О. В. Выходцева бастауыш сыныптарға арналған "Оқуға кеңес береміз" онлайн-көрмесін өткізді.
"Менің күзгі демалысым"фотогалереясы – 1-7.2021
2021 жылдың 21 қазанында Фурманов орта мектебінде мектеп Парламентінің Президентін сайлауы өтті. Сайлауға 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Көпшілік дауыс (95%) 9 сынып оқушысы Тұяқ Қуаныштың кандидатурасын қолдады. Қуанышқа мектеп парламентінің президенті атағын лайықты алып жүруді тілейміз!
Психологиялық денсаулықты сақтау және алдын алу мақсатында 2021 жылдың 11-21 қазан аралығында Фурманов орта мектебінде "Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты" ("Здоровый Я – здоровый Казахстан") психологиялық денсаулық онкүндігі өтті. Онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді: "Әр күнге даналық", "Стресс және онымен қалай күресу керек" стенді безендірілді, күн сайын оқушылар мен мұғалімдерден "Мектепке қандай көңіл-күймен келдіңіз?» сауалнамасы өткізілді. Балалардың көпшілігі мектепке оң көзқараспен және керемет көңіл-күймен келетіні анықталды.
Бастауыш мектеп үшін жылжымалы үзілістер ұйымдастырылды, сондай-ақ "Қиялдар елінде" суреттер конкурсы және "Сөс" үздік жарнамасы өткізілді. Бұл іс-шаралар оқушылардың оң пікірін тапты.
5-9 сынып оқушылары "Оқушылардың психологиялық денсаулығының алдын алу"атты СӨС презентацияларымен танысты. 9-11 сынып оқушылары " Мен табысты өмірді таңдаймын "облыстық мотивациялық акциясына қатысты. 10,11 сыныптармен "Стресс және онымен қалай күресуге болады"атты тренинг өткізілді.
Барлық іс-шаралар жақсы деңгейде өтті, оқушылардың барлығы тартылды, ешкім назардан тыс қалмады.
Балаларды еңбекке баулу және қарт адамдарға құрмет көрсету өте маңызды. Біздің мектептің оқушылары қарттарға қолдан келгенше көмек, қамқорлық көрсетеді.
2021 жылдың 11 қазанында 7-11 сынып қыздарына арналған Халықаралық қыздар күнінде медицина қызметкері А. Т.Байжігітқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Н. Цокало және психолог Г. А. Шавкун "Жасөспірімдер үшін ерте жыныстық өмір мен жүктіліктің қауіптілігі"тақырыбында әңгіме өткізді. Өйткені, қыздар өз денсаулығын дер кезінде қорғауы керек. Сондай-ақ, бұл күні мектептің барлық қыздарын мерекемен құттықтады. Кейбір сыныптарда Халықаралық қыздар күніне арналған сынып сағаттары өтті.
6 қазанда біздің мектепте оқушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша ТЖМ бейнеролигі көрсетілді. Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен өрт қызметінің телефон нөмірлері туралы еске салды.
150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
а. Байтерек , 16
+7 (71531) 2-76-88
+7 (777) 925-83-72
furmanovskaya_sh2020@mail.kz
1 САБАҚ | 9:00 - 9:45 | Үзіліс – 10 минут |
2 САБАҚ | 9:55 - 10:40 | Үзіліс – 15 минут |
3 САБАҚ | 10:55 - 11:40 | Үзіліс – 10 минут |
4 САБАҚ | 11:50 - 12:35 | Үзіліс – 15 минут |
5 САБАҚ | 12:50 - 13:35 | Үзіліс – 5 минут |
6 САБАҚ | 13:40 - 14:25 | Үзіліс – 5 минут |
7 САБАҚ | 14:30 - 15:15 | Үзіліс – 5 минут |
8 САБАҚ | 15:20 - 16:05 |