15 қарашада "Фурманов орта мектебі" КММ-де есірткіні қолданғаны, сақтағаны және таратқаны үшін жаза туралы баяндайтын "Бетбелгі" фильмін көру және талқылау ұйымдастырылды. 12 қарашада әлеуметтік педагог Цокало Людмила Николаевна орта және жоғары буын оқушыларымен адам ағзасына есірткіні қолданудың зияны туралы әңгімелесті.