"Фурманов орта мектебі" КММ-де ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқушылардың тиімді нәтижелеріне қол жеткізу үшін жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Біздің мектептің педагогтары әрдайым сұраққа жауап іздейді: "Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай тиімді дайындауға болады?"Бұл мәселе оқу жұмысының барлық қатысушыларын: мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды алаңдатады.
Мектеп мұғалімдері белгілі бір сабақ құрылымын жасады.
Негізгі сабақтар мен қосымша сабақтарда мұғалімдер тест тапсырмаларымен жұмыс істейді, тақырыптық бақылау жүргізеді, тестілеу кезінде жіберілген ең жиі кездесетін қателіктерді талдайды.
Бірыңғай ұлттықтестілеу өткізу кезінде оқушыларды психологиялық қолдау
психоэмоционалды дайындықтың маңызды факторы болып табылады. Мектеп психологы Г. А. Шавкун түрлі сауалнамалар, тренингтер, диагностикалар жүргізеді, бұл оқушылардың қиындық тудыратын аймақтарын анықтауға, алдағы емтихандар алдында оқушыларды психологиялық қолдау бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ны дайындау және өткізу тәртібі туралы хабардар ету мақсатында ата-аналар жиналысы өткізіледі.
Біздің мектептің әрбір педагогы білім алушылардың ҰБТ мен емтихандарды сәтті тапсыруына мүдделі, бұған мұғалімдердің, психологтың және ата-аналардың бірлескен күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болады.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
а. Байтерек , 16

+7 (71531) 2-76-88

+7 (777) 925-83-72

furmanovskaya_sh2020@mail.kz

САБАҚ   КЕСТЕСІ

1 САБАҚ 9:00 - 9:45 Үзіліс – 10 минут
2 САБАҚ 9:55 - 10:40 Үзіліс – 15 минут
3 САБАҚ 10:55 - 11:40 Үзіліс – 10 минут
4 САБАҚ 11:50 - 12:35 Үзіліс – 15 минут
5 САБАҚ 12:50 - 13:35 Үзіліс – 5 минут
6 САБАҚ 13:40 - 14:25 Үзіліс – 5 минут
7 САБАҚ 14:30 - 15:15 Үзіліс – 5 минут
8 САБАҚ 15:20 - 16:05